Karary 1.2 1. Дененің температурасы ос болса, оның ішкі энергиясы бар ма? Ал
дененің температурасы ок болса ше? Неге?
2. Үйкеліс күші есебінен энергияның қандай түрленулері орын алады?
Мысалдар келтіріңдер.
8. Ерте-ерте, ертеде адамдар бір денені екінші денеге үйкелеу арқылы от
жағуды үйренді. Мұнда қандай процестер орын алады, не себепті от
түтанады?
4. Токарь станогында металдарды өңдегенде (жонғанда немесе тескенде)
бүрғыға немесе кескішке үнемі май араласқан сұйықтық, шүмектеп
құйылып тұрады. Неге?
5. Дененің ішкі энергиясының механикалық энергияға түрленетіндігіне
мысалдар келтіріңдер.
6. Шыныдан немесе темірден жасалған берік құтыға толтыра су құйып, ау-
зын жауып аязға қойсақ, жарылып кетеді. Бұл нені білдіреді? Құтыны
жаруға жұмсалған жұмыс қандай энергияның есебінен атқарылды?
7. Конькимен мұз бетінде сырғанақ тебу мұздай жылтыр шыны бетіндегі
сырғанақ тебуден әлдеқайда жеңіл. Себебін түсіндіріңдер.