Химиялық құбылыс деген не​

dakusy2006 dakusy2006    2   06.09.2020 07:55    2

Ответы
sergiomac1108 sergiomac1108  15.10.2020 17:51

Химиялық құбылысқа мысал ретінде үй дәріханасында кездесетін калий перманганаты деп аталатын (тұрмыста оны «марганцовка» деп атайды) химиялық заттың қыздырғандағы өзгеруін алайық. Қаракүлгін түсті кристалдарды сынауыққа салып, спиртшамның жалынына ұстағанда, қызудың әсерінен ыдырап, алғашқыда жасыл, кейіннен қара түсті ұнтаққа айналады. Бұлармен қоса ауаның құрамында болатын газ күйіндегі оттек болады. Оттек газыжануды қуатты қолдайтындықтан, сынауықтың аузына жақындатқанда шоқтанған таяқтың ұшы жарық шығарып жана бастайды. Тәжірибеден байқағанымыз: химиялық қатты зат – калий перманганаты ыдырап, түсі өзгеріп, жаңа жасыл және қара түстізаттарға әрі оттек газына айналады.

Бұл химиялық құбылысқа жатады, өйткені бастапқы алынған заттың құрамы өзгеріп, жаңа заттар түзілді. Химиялық құбылыс дегеніміз – химиялық реакция.

Объяснение:

Жаздым

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Физика