Автомобиль жылдамдық алып қозғала бастаған кезіндегі жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі x=0.8t теңдеуімен берілген. Жылдамдықтың графигін салыңдар және автомобильдің бесінші секундтың аяғындағы жылдамдығын табыңдар.
Поездың жылдамдығы 20 с ішінде 72-ден 54 км/сағ –қа дейін кеміді. Жылдамдықтың уақытқа тәуелділігінің формуласын жазыңдар және осы тәуелділіктің графигін салыңдар.