5.Мотоциклші түзу көше бойымен қозғала отырып, бастапқы орнынан 500 м жүріп өтті. Содан кейін ол кері бұрылып, 600 м. жүргеннен кейін тоқтады. Мотоциклшінің орын ауыстыру модулі мен жүрген жолын анықтаңыз. 6.60 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын автомобиль 300 км жолды қанша уақытта өтеді? 50 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан автомобиль ше?
7.Адам саябақтың түзу аллеясы бойымен онымен тік бұрыш жасайтын екінші аллеясына дейін 30 м жүрді де, екінші аллеяға жеткенде бұрылып, онымен 40 м жүрді. Адамның жүрген жолы мен орын ауыстыруын анықтаңыз.