1. Оттек молекулаларының қайсыбір температурадағы орташа квадраттық жылдамдығы 460 м/с. Осындай температура кезінде азот молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы қандай болады? 2. Қысымы 105 Па ауаның тығыздығы 1,29 кг/м3. Ауа молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығын есептеңдер.
3. Тұрақты 105 Па қысымдағы оттектің тығыздығы сутектің тығыздығындай болу үшін температурасы 200 К, ал қысымы сондай сутекті қандай Т1 темпермтураға дейін қыздыру керек?
4. Бір жағы бітеу, ұзындығы l=76 см түтікшені вертикаль қалыпта ашық жағымен сынабы бар ыдысқа батырады. Түтіктегі сынаптың деңгейі ыдыстағы сынаптың деңгейінен h=7,6 см төмен тұру үшін түтіктің бітеу ұшы сынап бетінен қандай қашықтықта болу керек?
Атмосфераның қысымы p0=105 Па.
5. Авогадро заңының мәні неде?

sharinaEl sharinaEl    2   17.01.2021 17:59    8

Другие вопросы по теме Физика