1. Орын ауыстыру деп қандай шаманы айтады? 2. Жүрілген жолдың орын ауыстырудан айырмашылығы неде? Мысал кел- тіріңдер. 3. Футбол ойынын бақылай отырып, шабуылшының ойын кезінде шамамен 12 км жүгіретіні анықталды. Осы қашықтық орын ауыстыру ма әлде жолдың ұзындығы ма? 4. Жолаушылап қайтқан автомобиль жүргізушісі есептеуіштің көрсетуі 300 ки- лометрге артқанын көрді. Бұл нені білдіреді: автомобильдің жүрген жолы ма әлде орын ауыстыруы ма? 5. Жылдамдық деп нені айтамыз? Қандай бірліктермен өлшенеді? 6. Жылдамдықтың бағытын қандай жағдайда оң, ал қандай жағдайда теріс деп алу келісілген? 7. Бірқалыпты түзусызықты қозғалыстың жылдамдығы және жылдамдықтың модулі қандай формулалармен анықталады? 8. Кандай жағдайда орташа жылдамдық деген шама енгізіледі және ол қалай есептеледі?