1 Биіктігі 7 м үйдің төбесінен массасы 500 г сүңгі мұз үзіліп түсті. Мұз құлағанда ауырлық күші қандай жұмыс атқарды?
2 Биіктігі 4 м сынып бөлмесінде биіктігі 70 см үстел орналасқан. Үстел үстінде
жатқан массасы 300 г кітапты 120 см-ге жылжытқанда жасаған ауырлық күшінің
жұмысы неге тең?
3 Биік таудан парашютiн кiдiре ашып секірумен айналысатын спортшы-экстремал
еркін түсу кезінде 45 м ұшып өтті (5.13-сурет). Ол қандай жылдамдық алған?
4 5.14-суретте келтірілген мәліметтерді пайдаланып, қай денені көтергенде ең
Көп жұмыс істелгенін анықтаңдар.