1.Қатынас ыдыста сынап, су, керосин бар. Судың биіктігі 20 см және бағананың оң жағындағы сынаптың биіктігі сол жағына қарағанда 0,5 см
төмен болса, керосиннің биіктігі қандай?
2. Су бар ыдыстың ішіне көлденең қимасының ауданы 2 см 2
трубка орнатылған. Трубкаға массасы 72 г май құйылды. Ішкі
май және сыртқы судың деңгейлерінің биіктігін табыңдар.
3. Қатынас ыдыстың ішінде сынап бар. Сол бағананың
көлденең қимасының ауданы оң бағананың көлденең
қимасының ауданынан 3 есе кем. Жіңішке жағындағы сынап
түтіктің жоғары бөлігінен 30 см төмен орналасқан. Егер сол жағын
ақырындап сумен толтыратын болса, оң жағындағы сынап қаншаға
көтеріледі? Жауабы 0,58 см
4. Қатынас ыдыстың ішінде сынып бар. Оң жағына 34 см керосин құйылған
кезде, сол жағындағы сынап 2 см көтеріледі. Осы мәліметтерді пайдаланып
керосин тығыздығын табыңдар. Екі түтікте сынап деңгейі бірдей болу үшін,
сол жағына қандай биіктікте сумен құйылу керек. Жауабы 0,27 м
5. Үстел үстінде табаныны периметрі 40 см тұтас куб блеуше жатыр. Егер ол
үстелге 8 кПа қысым түсіретін болса, онда тығыздығы қандай? Еркін түсі
үдеуі g=9,8 м/с 2
6. U-тәрізді түтікшеге суретте көрсетілгендей сынап, су және керосин
құйылған. Су мен керосиннің жоғарғы деңгейлері бір горизонталь бойында
орналасқан. Егер сынаптың деңгей айырымы h = 25 мм екені белгілі
болса, онда судың биіктігін H анықтаңыз.