1. Қатты дене қысымды қалай жеткізеді? Оны қалай түсіндіруге болады?
2. Сұйықтар мен газдар неліктен қысымды барлық
жаққа бірдей жеткізеді? Оны қалай түсіндіруге
болады?
3. Паскаль заңы қалай айтылады?
4. Неліктен газдың қысымы сығылғанда артады, ал
ұлғайғанда кемиді?
5. Сұйықтар мен газдардың қабаттарының түсіретін
Сурет 4.17. Әртүрлі
ыдыстардағы массасы
қысымы қандай формуламен анықталады және ол
қандай шамаларға тәуелді?
бірдей сұйық
6. Цилиндр тәрізді әртүрлі екі ыдысқа массасы
бірдей су құйылған (сурет 4.17). Судың ыдыстар
табанына түсіретін қысым күші бірдей бола ма?
Жауаптарыңды дәлелдеңдер.
7. Саңылаулары бар цилиндрдегі сұйық ең жоғарғы
саңылаудан жақынға, ал ең төменгі саңылаудан
неғұрлым алысқа шапшиды (сурет 4.18). Бұл Сурет 4.18. Ыдыстың
құбылысты қалай түсіндіруге болады?
төменгі шүмегінен
8. Ішінде суы бар ыдысты таудың биік шыңына шыққан сұйық алысқа
орналастырғанда; таудың етегіне орналастырғанда
шапшиды
оның бүйіріндегі саңылаудан судың шапшып шығу
жылдамдығы бірдей бола ма?
9. Ішінде суы бар ыдыстың резеңке табаны (түбі) Жерде және Айда бірдей майыса
ма? Құбылысты түсіндіріңдер.
10. Салмақсыздық жағдайында ғарыш кемесінің кабинасына орналастырылған
суы бар ыдыстың резеңке түбі қандай күйде болады?​

kamakoshkina kamakoshkina    2   25.01.2021 08:53    4

Другие вопросы по теме Физика