Тапсырма 1. Оңтүстік Американың Амазонка өзені жағалауын мекендейтін
үндістердің бүгінге дейін белгісіз болған бір тайпасы табылды. Тайпа
алфавиті бар болғаны 8 әріптен тұрады. Сонда бұл алфавиттің бір әрпі
қанша ақпарат көлемін береді?
2. Жер ғаламшарының дамуы кезеңдерінде бірнеше өркениет өмір сүріп,
жоғалған. Бізге келіп жеткен ақпарат бойынша сол өркениеттердің
бірінде белгілі бір хабардың бір символының ақпараттық көлемі 6 бит
екені белгілі. Жоғалған өркениет алфавитінде қанша символ бар екенін
анықта?
3. 128 символдық алфавиті бар үндістер тайпасының 30 әріптен тұратын
хатын шабарман көрші тайпаға жеткізді. Ол қандай ақпарат көлемін
жеткізді?
4. 16 символдық алфавитте 512 символдық хабар қанша килобайтты
құрайды?
Скажите