Төмендегі жағдаятты оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Дүкенде тұтынушыға сапасыз және бүлінген өнімді (айранды) сатты.
Оны үйге келгенде анықтады. Пайдалану мерзімі өтіп кеткен. Тұтынушы
өнімді қайтадан дүкенге апарды, бірақ сатушы тауарды басқа өнімге
айырбастамады және ақшаны қайтармады.
Тұтынушы қандай қателік жасады?
Осы жағдайда тұтынушы өз құқықтарын қалай қорғай алады?
Тұтынушының талап ете алатын 3 құқығын көрсетіңіз.