ответьте на первый во по казахскому

Алина483329 Алина483329    3   19.05.2020 07:29    4

Ответы
doblezor doblezor  14.10.2020 23:31

Менің туған өлкем - Қазақстан Республикасы. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға толы. Еліміздің табиғаты неткен сұлу десеңші! Мөлдір суын, жайқалған жасыл шөбін, асқар тауларын сүйемін. Сонымен қатар, аңдар, мен құстар, жануарлар өмір сүреді. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» демекші, менің кіндік қаным тамған жер – Асықата. Туған жерімді қатты жақсы көремін. Осындай өлкеде туғаныма мақтан етемін. Туған жерім күннен күнге көркейіп келеді. Әсем ғимараттар бой көтеруде. Бау-бақшасы, таза ауасы, ақ алтын ақ мақтасы, егінді даласы, малға толы өрісі - біздің мақтанышымыз. «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас»- деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған екен ғой. Елімнің кең даласындай  байтақ дала еш жерде жоқ шығар.

Объяснение:

Туған жерде тіршілік етіп, сән-салтанат барыммен, адамгершілік арыммен азаматтық тұғырыма ұмтылған туған елімнің мен де бір бөлшегімін. Сондықтан да мен туған жерімді, тұнған тарихымды, ата салтымды, өнеге болар тұғырлы тұлғаларымды бөле жармай, тұтас күйінде сүйемін, аялаймын, ардақтаймын. Өйткені мен-азат, егемен елдің ұланымын! Мен-бүкіл әлем мойындаған асқақ та айбарлы «Қазақ» деген Ұлы елдің ұрпағымын!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Другие предметы