Мезгіл
Оқығалар
1894 ж. 15 қазан.
Француз армиясының Бас штабының мүшесі капитан Альфред Дрейфус француз əскери құпияларын Германияға сатқаны үшін күдікті ретінде тұтқындалды.
1894 ж. желтоқсан
Француз əскери соты Альфред Дрейфсты (ұлты еврей, Эльзаста туылған) өмір бойы бас бостандығынан айырды. Сот отырысы Парижде, жабық есік түрде өтті. Дрейфус өз кінəсін мойындамады.
1895 ж.13 қантар
Альфред Дрейфус қоғамдық түрде төмендетілді, Гвинея француз колониясында Чертов аралындағы түрмеге қамалды.
1896 ж.
Дрейфустың кінəсіздігін дəлелдейтін Лазараның «Сот қатесі» брошюрасы жарық көрді. Іс бойынша жаңа тергеу басталды.
1896-1906 жж.
Франциядағы офицер Альфред Дрейфустын мемлекеттік опасыздыққа күдікті болғаныны байланысты əлеуметтік жанжал орын алды. Франция
дрейфусарлер пен антидрейфусарларға бөлінеді, олардың арасында ымырасыз күрес басталды.
1897 ж. қараша
Альфред Дрейфустың ағасы Мэтью Дрейфус нақты қылмыскер деп саналатын майор Эстерхазиге қатысты айыптауды мəлімдеді.
1898 ж. 11 қантар
Эстерхази əскери сотты шешімімен ақталды.
1898 ж. 13 қантар
«Аврора» газетінде (болашақ Франция премьер- министрі Жорж Клеменсо редакциялаған) танымалы жазушы Эмиль Золяның Республика Президенті Феликс Фораға «Мен айыптаймын» деп аталған хаты жарияланды.
Хатта бұл істің жалғандығы туралы пікір келтілірді, Бас штаб жəне Əскери басқармасы кінəлі Эстерхазиды қорғау үшін жек көрген Дрейфусты қасақана жойды. Əскердің ар-намысын қорлаған үшін қазылар алқасы Эмиль Золяны 1 жылға бас бостандығынан айырды жəне 3000 франк айыппұл тағайындады. Жазушы Англияға қашуға мəжбүр болды. Бірақ оның мақаласы халыққа кең көлемді таралды.
1899 ж.
Қоғамдық пікірдің қысымымен А. Дрейфус ақталды жəне түрмеден босатылды.
1902 ж.
Сотталған офицердің пайдасына жағдай өзгергеннен кейін Эмиль Золя өз отанына оралды, бірақ ол көп ұзамай өз үйінде көмір өттің түтінене уланып, қайтыс болды.
1903 ж.
Əскери министр генерал Андре Дрейфустің ісімен танысып, оны қайта қарау қажеттігіне сенді.
1903 ж. қараша
Альфред Дрейфус кассациялық шағым беріп, іс жаңа тыңдауға қайталырды. Соттың кассациялық сатысында істі қараған кезде, Дрейфус ісінде көптеген жалған құжаттар бар болғаны анықталды. Нақты кінəлі адам - майор Фердинанд Вальсен Эстерхази ақырында əшкереленді.
1906 ж.
Дрейфус ақталды. 12 жыл заңсыз түрмеге қамалғаннан кейін, ол əскерге оралды, майордық атақ алды, бірақ көп ұзамай отставкаға кетті.
1908 ж.
Жазушы Эмиль Золяның денесі Парижге Пантеонға қойылды. Пантеонның кіреберісінде жазылған сөздер: «Ұлы адамдарға Отан ризашылығын білдіреді».
1914-1918 жж.
Запастағы офицер ретінде Дрейфус Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен əскерге оралды, лейтенант-полковникке дейін көтерілді, ал 1918 жылы ең жоғары əскери награда, «Құрмет Легионы» Орденімен марапатталды.
1935 ж.
Альфред Дрейфус қайтыс болды