«Менің құрдастарым» жобасы І кезең 1. Жобаның мақсатын анықтап, әр кезеңге қатысты міндеттерді белгілеңіз. 2. Жобаның бірінші кезеңі бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз: 2.1. Сіздің өміріңіз бүгінгі күнге қалай сәйкес келеді? 2.2. Өз бетіңізше ойлана алатындығыңызға сенімдісіз бе? 2.3. Сіз өзіңізді тұлға деп санайсыз ба? 2.4. Қандай жағдайда болсын тәуелсіз тұлға болып қалуға күшіңіз жете ме? Бұл үшін қандай қасиеттеріңіз болуы керек? 2.5. Абырой, өзінің қадір-қасиетін сезіну сияқты ұғымдар сіз үшін нені білдіреді? 2.6. Өзіңіз туралы бүкпесіз айта алатын адамды таптыңыз ба? Әлде сіз өзіңізді жалғыз санайсыз ба? Жалғыздықты сезінесіз бе? 2.7. Сіз не үшін өмір сүресіз? Сіз үшін өмірдің мәні неде? 2.8. Кімді сүйесіз? Кімге немқұрайды қарайсыз және неліктен? 2.9. Қандай сәттерде шынымен өмір сүріп жатырмын деп ойлайсыз? Осы минуттар, сағаттар, күндер неден тұрады? 2.10. Сізді қатты толғандырған, ой салған не? Мүмкін ол сырт көзге білінбесе де, жаныңызды ауыртып, өміріңізді күрт өзгерткен нәрсе шығар? 2.11. Сіз әлемді қалай өзгертер едіңіз? Бұл үшін не қажет деп санайсыз? 2.12. Мүмкін сіздің өзіңізге қоятын басқа да сұрақтарыңыз бар шығар? 3. Жобаның бірінші кезеңінің қорытындысы ретінде өзіңізге өзіңіз есеп беріп, талдау жасаңыз және өзіңіздің «Меніңізді» ашатын таныстыры- лым даярлаңыз. Қол жеткізген табыстар мен жетістіктеріңізді ортаға салып, қандай қиындықтар, кедергілер кездескені туралы айтыңыз, өз жетістіктеріңіздің құпияларымен бөлісіп, хоббиіңіз туралы айтып беріңіз. 4. Бірінші кезеңдегі атқарылған барлық жұмыстың, атап айтқанда, жобаның мақсатын анықтаудан бастап таныстырылымға дейінгі бары- сын Жобаның күнделігінде көрсетіңіз.