Мәтіннен сын есімдерді теріп жаз. Спорт - денсаулық кепілі Әрбір адам спортпен айналысу керек. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы
мықты, өзі шыдамды және көңіл күйі көтеріңкі болады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз. Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын ояту үшін мектеп бағдарламасына да енгізілген.
Біздің отбасымызда да анам мен әкем бізді үнемі спортпен айналысуымызды қалайды. Мен күнде таңертең ерте тұрып, «Балапан» телеарнасымен бірге түрлі жаттығулар жасаймын. Аптасына үш рет «каратэ» спорттық секциясына барамын. Өзіммен қатар құрдастарымды спортпен айналысуға шақырамын. Денсаулық - зор байлық. Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау керек. Олар: дене еңбегі, тамақ ішу, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және дем ала білу

Рад1111111 Рад1111111    1   23.12.2020 16:01    1

Другие вопросы по теме Другие предметы