Мәтінді оқып, 3 сұрақ құрастырыңыз.
Савромат-сармат тайпалары Орталық Азия мен Қара теңiз өңiрi мәдениеттерiн байланыстырды. Көршiлес Босфор мемлекетiмен байланыс орнатып, Алдыңғы Азия, Солтүстiк Кавказға, Парфияға жаулаушылық жорықтар жасады.
Батыс Қазақстанды мекендеген келесі жауынгер тайпалар-дайлар. Олар бiрнеше ру тайпадан тұрған. Б.з.б. 248-247 жылдары дайлардың апарн тайпасынан шыққан Арсақ (Аршак) бастаған көшпелiлер Парфияның үлкен бөлiгiн және Гирканияның онымен шектес аймақтарын басып алған. Сөйтiп, олар бұл елде Аршакидтер әулетi билiгiнiң негiзiн салған.
1)Б.З.Б қай жылдары дайлардың апарн тайпасы шыққан?
2)Кімдер Аршакидтер әулетінің билігінің негізін қалады?
3)Савромат-сармат тайпалары қай мемлекетпен байланыс орнатты?