Коктайгак кезинде озин ози устау ережесин курастыр​

Ayei Ayei    3   18.10.2020 02:17    1

Ответы
mottorinanadia7 mottorinanadia7  17.11.2020 02:18

Өзіңіздің аяқ киіміңізге көңіл аударыңыз:

- Сырғанамайтын, табанында ұсақ өрнектері бар аяқкиімдерді таңдаңыз. Сән қуушылардың биік өкшелі аяқ киімдерді кимегені жөн.

- Аяқастына қараңыз, қауіпті жерлермен жүрмеңіз.

- Егер мұзды жерді айналып өту мұмкін болмаса, мұз үстімен шаңғышы сияқты қысқа адымдармен жүріңіз:

- Жолдың келесі бетке өтетін жерлерде абай болыңыз, асықпаңыз, жүгірмеңіз;

- Ылдилы жерлерден айналып өтуге тырысыңыз;

- Аяғыңызды тізеден бос ұстап, табаңыңызды нық төсеп жүріңіз;

- Мүмкіндігінше қолдарыңыз бос болсын, ауыр сөмкелер ұстамауға тырысыңыз. Қолды қалтаға салып жүру құлау қаупін ұлғайтады.

- Егер тайып кетсеңіз ауыр жарақат алмас үшін, жүрелеп отыра қалуға тырысыңыз.

- Құлаған кезде қатты соққы алмас үшін бүктетіліп, аунап түсуге тырысыңыз.

- Құлаған кезде қолыңыздағы заттың емес, өзіңіздің аман қалуыңызды ойлаңыз.

- Құлаған соң орныңыздан бірден көтерілмей, жарақат алмағаныңызға көз жеткізіп, жаныңыздағылардан көмек сұраңыз.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Другие предметы