Екі жақ болып дойбы ойыны өткізілді. Бір жағының ұтуы, ұтылуы немесе екі жақтың тең түсуі - кездейсоқ оқиға. Мұғалімнің белгілі бір оқушыдан сұрауы - сынау. Оқушының 5,4,3,2 баға алуы-кездейсоқ оқиға.
Оқушының тәртібін бақылау - сынау. Оның сабаққа кешігіп келуі кездесоқ оқиға.
Нысананы көздеп ату - сынау. Нысанаға тию (А оқиға) не тимеу (В оқиға) - кездейсоқ оқиға. Осы мысалдағы мәлімет бойынша оқиғалардың тобын сипаттап беріңіз.
4-класс математика кітабының кез келген бетін ашу – сынау. Осы бетте «жиын» сөзінің кездесуі - кездейсоқ оқиға. Бұл беттегі сөздер қай жағдайда оқиғалардың толық тобын құрайды?