Әділ – Мария (Үзінді)
Шәкәрім
Адам болып жаралған соң өз мінін өзі біліп тұрса,
олай болмаған күнде мiніңді тауып айтқанды қауып тұрмай,
соны мойындап, түзетуге қам қылса... тауып айтқан мiніңді
өзгертуден тек пайда ғана аласың, түзелесің, түрленесің,
өзгересің, адамшылыққа жетесің. Кемшіліксіз адам болмай-
ды, оны өзі байқамай қалатын кез болады, соны айтқанда
қателік санап, қалайда түзетуге бағыт алған адамдікі жөн. Ол
адамның азаматтығының биіктігі, ақыл-парасатының молдығы,
адамдығының жоғарылығы емей не? Айтылған мiніңді мойын-
дай білсең, мініңді айтқанға наразы болып қарсы шықпасаң –
сол ақыл. Ол – адамдық қалпыңды сақтауға кедергі жасайтын
жағымсыз қасиеттеріңді өзіңнен аулақтатуға ақылыңның
жеткені, мінезділік. Егер мініңді өзің таппай, оны айтқан адамды
жек көріп, ашу-ызаға берілсең, ерегіске түссең, онда болмағаны.
Егер мiнiңдi айтқан адамдікін жөн көрмесең, ашумен емес,
сабырлылықпен, қарсы айтар пікіріңді дәлелімен айт. Сонда
қауым саған төреші° болады, кімдікі жөн екенін анықтайды.
• Мәтіндегі «Тауып айтқан мiніңді өзгертуден тек пайда
ғана аласың, түзелесің, түрленесің, өзгересің, адамшылыққа
жетесің» деген ойды қалай түсінесіңдер?
?
?
Сасопознание

крымнаш крымнаш    1   09.09.2020 06:19    3

Другие вопросы по теме Другие предметы