Грамматика ғылымы тілдің грамматикалық құрылысын зерттегенде өзінің тексеретін объектісінің негізі етіп сөзді және сөйлемді алады. Тексеру объектілерінің осындай ерекшеліктеріне қарай грамматика ғылымы морфология және синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді. Морфология – сөз және оның формалары туралы ілім. Морфология сөздің жасалу, түрлену, өзгеру жүйелерін, сөздің бөлшектенуі мен олардың әрқайсысының грамматикалық мағыналары мен қызметтерін зерттейді.
Морфология – сөз және оның формалары туралы ілім. Морфология сөздің жасалу, түрлену, өзгеру жүйелерін, сөздің бөлшектенуі мен олардың әрқайсысының грамматикалық мағыналары мен қызметтерін зерттейді.