Бұдан 300 миллион жыл бұрын ғаламшарымызда әр түрлі өсімдіктер мен жануарлар тіршілік етті. Геологтер осы дәуірді «Карбон кезеңі» деп атайды. Жануарлар геологиялық өзгерістер нәтижесінде жойылып, сүйектері топырақ астында қалып кетті. Жер астындағы осы қалдықтар қазір «көмір» мен «мұнай» деп аталып жүрген энергия көздеріне айналды. Бұл қалдықтар «қазбалы отындар» деп аталады. Уақыт өте келе адамдар жердің астында мыңдаған метр тереңдікте миллиондаған жыл сақталып, кейін жер бетіне шыққан аталмыш материалды пайдалана бастады. Орта ғасырдан бастап энергия қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында көмір алдыңғы орынға шықты. 1800 жылдардың басында аса маңызды бола бастады. Адамзат ХІХ ғасырдың аяғына қарай мұнайды шығарып, өңдеуді үйренді. Мұнайдың туындысы ретінде табиғи газ ХХ ғасырдың энергия көздерінің біріне айналып, күнделікті тіршіліктің қажеттіліктері арасында орын алды. Қазбалы отындар жанған кезде құрамында миллиондаған жыл сақталған химиялық энергияны жылу энергиясына айналдырады. Жану кезінде ауаға шығатын көміртегі газы «зиян газ» деп аталатын қауіпті газдардың бірі. Өнеркәсіптің дамуының арқасында жылына 30 миллиард тоннаға жеткен көміртегі газы атмосфераға араласады. Осы себепті адамдар қоршаған ортаның ластану мәселелеріне душар бола бастады. Қазбалы отындардың қоршаған ортаға зияны және а ң өміріне төндіретін қаупі күн сайын артуда.


Бұдан 300 миллион жыл бұрын ғаламшарымызда әр түрлі өсімдіктер мен жануарлар тіршілік етті. Геологте

vitaliysv200313 vitaliysv200313    3   21.10.2020 16:25    5

Другие вопросы по теме Другие предметы