Ауа райы — атмосфераның жергілікті жердегі белгілі бір уақытта немесе уақыт аралығында (тәулік, ай) байқалатын құбылмалы жағдайы. Ол көбіне атмосф-ның төменгі тропосфера қабатының күйімен сипаттайды. Себебі, А. р-н өзгертетін негізгі процестер осы қабатта дамиды. Бірақ, әртүрлі биіктіктегі атмосф. процестер бір-бірімен тығыз байланыста болады, сондықтан жер бетіндегі А. р-ның өзгеру себептерін білу үшін атмосфераның жоғарғы биік қабаттары зерттеледі. А. р. метеорол. өлшемдермен (температура, қысым, жел, ауа ылғалд., бұлттылық, атмосфералық жауын-шашын) және атмосфералық құбылыстармен (тұман, найзағай, боран, дауыл т.б.) сипатталады. Жер бетіндегі А. р-ның өзгеруі тіршілікке, табиғатқа елеулі ықпал жасайды. А. р-ның көп жылдық режимі климат деп аталады.
Объяснение:
Ауа температурасы. Күн сәулелері атмосферадан өте келе Жер бетіне түседі және оны қыздырады. Бұл тропосфераның сипаттамалық ерекшелігімен түсіндіріледі; жоғарылаған сайын температураның кемуінен алдымен Жер беті жылынады да, жылу содан барып ауаға таралады. Ауа температурасын бақылау онда тәуліктік және жылдық тербелістердің болатынын көрсетті. Тәулік ішіндегі ең жоғарғы (түстен кейін сағат 2-3-терде) және ең төменгі (таң атар, күн шығар алдындағы уақыт) температуралардың айырмашылығы тәуліктік амплитуда деп, ал бір жыл ішіндегі жылдық амплитуда деп аталады. Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымның сынап бағаны миллиметрмен өлшенеді. Оны анықтау үшін барометр деп аталатын аспап қолданылады. Барометрдің екі түрі бар: сынапты және сұйықсыз барометрлер. Соңғысы анероид - барометр деп аталады. Жер бетінің түрлі аймақтарындағы және түрлі биіктіктегі атмосфералық қысымды бір - бірімен салыстыру үшін шартты түрде теңіз деңгейіндегі қысым алынады. Жел. Жер бетіндегі горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге орын ауыстыруын жел деп атайды. Жел әрқашан да жоғарғы қысым облысынан төменгі қысым облысына қарай соғады. Жер бетіндегі көрші бөлікшелер арасындағы қысым айырмашылығы үлкен болған сайын жел де қатты соғады. Егер су қоймасы салыстырмалы түрде үлкен болса, судан соққан суық ауа жоғары қысымды құрайды, онда жаздың тынық ыстық күндерінде самал желді байқауға болады. Мұндай самал жел күндізгі жағажелдер (французша < brise > –<жеңіл жел>) деп аталады