Ғарыштағы қымыз
«Альфалықтар - сыйлы қонағымыз. Басқа жұлдыз жүйесінің өкілдері бізге достық ниетпен келе жатыр. Альфалықтармен ертеңгі танысу - адам цивилизациясының жарқын көрінісі». Газеттердің соңғы кездегі нөмірлерінен осы тәріздес сөздерді жұрт жиі көретін боп кетті. Бірталай адамдар жаңа туған қыздарының атын Альфа деп қойыпты.Роботтардың жаңа шыққан маркасы да Альфа болды. Жазу машинкасының желі бар жазушысы әп-сәтте Альфа планетасының тұрмысы жөнінде фантастикалық повесть бастырып шығарады. Радио да борыштар қалған жоқ: планетамызға белгілі композитор әншінің Альфа халық әуендеріне жазған попуриін күніне 5-6 мезгіл береді. Альфа делегациясын басқарып келетін ақсақалдың өмірін дәріптейтін телеспектакль қойылды. Академияның ғылыми қызметкері Р. монография жазды. Қойшы, Альфалықтар Жер баспай тұрып-ақ адамдар олардың барлық тірлігін біліп алды деуге болады, мысалы олардың етікті әуелі қай аяғына сұғатыны , тәулігіне неше мәрте жөтелетіні , кілттерін қай қалталарына салып жүретіні сияқты маңызды-маңызды дәстүрлер туралы қазір де төртінші класстың балалары да айтып бере алады. Планетааралық сыртқы істер басқармасы ба з, радиомен ғана шектеліп қалған жоқ. Қонақтарды жақсы күтіп алуға қажетті шаралардың бәрін жасауға тырысты. Альфалықтар жерге жақындағанда нөмірі он төртінші Космофлотқа 867-ші серіктің орбитасымен келіп қонуы тиіс еді.
Тыңдалған мәтіндегі оқиғаны жалғастырып көр. Өзіңді мәтін кейіпкерлерінің біреуінің орнына қойып, оқиғаны І жақта жаз. (5-7 сөйлем
Объяснение:
альфаллықтар деген кімдер