5-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. 4-тапсырмада берілген пікірмен салыс- тырып, ортақ ойды анықтаңдар. Қиындықтан шығуға не көмектесті? Электрондық ми өз экранына космос картасын жайып салды. Экипаж мүшелері әлем картасына үңілді. «Байқоңырдың» келе жатқан жері от жебе болып жарқырайды, ұлан-асыр космос мұхиты. Галактикалық жеке-жеке жұлдыз жүйелері шоқ-шоқ болып шашылып жатыр. Оқта-текте космос аралдары, құйрықты жұлдыздар көзге шалынады. Қайда тарту керек?! Оразов «Байқоңырдың» жолына ең таяу деген қос жұлдыз шоғырына бұрылуға ұйғарды. Ол небәрі он жеті планетадан құралған. Қос жұлдыз егіз Күндер іспеттес... Оразов «Байқоңырды» дәл осы планетаға бағыттады. Экипаж мүшелері үнсіз ишаратпен бұл шешімді мақұлдағандай. Тек Кибер алақанын соққылап, қуанып қалды. Алақай, жаңа планета көреміз! Оның бұл қуанышы орынды еді. Экспедиция жинап қайтқан материалдар өте құнды. Оны аман-есен адамзат ұрпағына жеткізу бұлжымас борыш. Тура жолдан ауытқудың кесапаты мол. Кеме уақыттан ұтылады, жанар отыны таусылады. Алайда шешім біреу ғана болуға тиіс. Ол – «Байқоңырды» және оның жиған материалдарын қайткен күнде аман сақтап қалу... Т. Сұлтанбеков. «Ғажайып планета» казахский язык восьмой класс