4-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар (7-аудио). Қандай ақпарат естерінде қалды? ..– Маған көптеген нәрсе түсініксіз, - деп бастады Мариям сөзін. Атмосферада белок пен көміртек орасан көп мөлшерде шоғырланған. Бұған қарағанда, планетадағы тіршілік мөлшерлі шарасынан мүлде асып кеткен. Кеме аспаптары планета үстінде оттек бөліп шығаратын қуатты көздер бар екенін тіркеді. Бұл өте кызык, құбылыс. Планетадағы фотосинтез процесі атмосфераның жоғарғы қабаттарында жүреді екен. Біздің жер бетінде өсімдік топырақта өсіп- өніп, олар алуан түрлі формада табиғаттың, ауа райының ыңғайына қарай икемделсе, мұнда тіпті де олай емес. Өсімдік атаулы ауада жүзіп жүретін көрінеді. - Бұл бір біз естімеген ғажап екен, деді Кибер... Т. Султанбеков. «Ғажайып планета