2-тапсырма. Төмендегі мәтінді оқып, автордың ішкі жан-дүниесін
сипаттап айтып беріңдер.
Шәкәрім жеті жасында өлең шыгарып жаза бастаған
Әкесі қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай қыстаудың қасындағы
төбеде жалғыз отырып, тасқа өрмелеп бара жатқан жұлдыз
құртты езіп өлтіріп алады. Сол кезде оган жаны ашып,
жетімдігі есіне түсіп, «құрт» болып өлең шығарады. Жазған
өлеңінен ақындық көрген Абай оған өлеңді қалай жазу керек,
қандай өлең жазу керектігін айтып көп ақыл-кеңес берген.
Өлтірдің, онан таптың қандай пайда?
Өмір сүріп жүруші ем жазда сайда.
Жетімдік қандайлығын көзің көрді,
Кешегі тірі жүрген әкең қайда?!
Менің де жетім қалды балаларым,
Олар да жылайды аңсап аналарын.
Өзің жетім, жетімді аясаңшы,
Жоқ екен басыңда ми-саналарың.
Автор бұл жерде құртқа деген жанашырлығы яғни өлтіріп алғаннан кейін,оның орнында болып,өлең жазнысы келгені туралы айтылған