1.Есімдіктер қандай сөздердің орнына жүретін сөз табы? а)етістік; ә)шылау; б)зат есім,сын есім,сан есім; в)одағай

2.Күнделік туралы дұрыс жауапты белгілеңдер.

а)шығарманың бір түрі; ә)эссе; б)мәтін; в)сөйлем

3.Ауыспалы осы шақтың жұрнақтарын белгілеңдер.

а)-а,-е,-й; б)-ды,-ді,-ты;-ті; ә)-ма,-ме,-ба,-бе; в)-са,-се,-ша,-ше

4.Әкім Ысқақтың қандай өлеңімен таныстыңдар?

а)«Күй»; б)«Сүйікті елім»; ә)«Күн ұлымын»; в)«Астана»

5.Нақ осы шақтың ережесін жазыңдар.

6.Ең алғашқы Қызыл кітап жарық көрген жыл:

а)1963ж б)1925ж ә)1980ж в)1935 ж

7.Қызыл кітапқа енген жануарлар туралы жазыңдар(3-4 сөйлем).

8.Ө.Тұрманжановтың «Қарлығаш,дәуіт,жылан»ертегісінің мазмұнын қысқаша жазыңдар(4-5 сөйлем).

9.Табиғат туралы 5 мақал-мәтелдер жазыңдар.

10.Астана туралы 3-4 сөйлем жазыңдар.

AnfisaCat AnfisaCat    3   29.12.2020 12:54    8

Ответы
Tomrico11 Tomrico11  28.01.2021 12:56

1. ә)

2. в)

3. б)

4. ә)

5.Нақ осы шақ-қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте істеліп, болып жатқанын білдіреді. Нақ осы шақ етістіктің құрамына қарай жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді.

6. а)

7.“Қазақстанның Қызыл кітабы” – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 жылы жарық көрді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 жылы өсімдіктерге арналып шығарылды.

8.Дәуіт Қарлығашты, оның балаларын құтқарды.Қарлығаш жыланды көргенде жылады бізді жылан жейді деп. Бірақ сол кезде дәуіт жыланның көзін шұқып Қарлығашты және оның балаларын құтқарды.

9.Алпыс күнде тасыған су,

Алты күнде қайтар.

Жауынмен жер көгереді,

Батамен ел көгереді.

Сәуір болса күн күркірер.

Сәуір болмай, тәуір болмас.

Жел дауылды шақырады,

Бұлт жауынды шақырады.

Жаз сайға қонба,

Қыс қырға қонба.

10.Осында ежелгі Сарыарқа жерінде тек астана емес, еліміздің болашақ бесігі өмірге келді. Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Елорда біздің республикамыздың күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Другие предметы