1. Бір ананың үш қызы болады.
Шешесі 42 жасқа келгенде, үлкен қызы 19-ға, ортаншысы 11-ге, ал сүт кенжесі 2 жасқа толады.
Қанша жылдан кейін анасы мен үш қызының қосынды жасы теңеседі? Ойлынып көр.
2. Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?
3. Әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады? Теңдеу арқылы шеш.
4. 3 адамға екеуі қызыл, екеуі қара түсті болған 4 баскиімнен кездейсоқ үшеуін кигізеді. Баскиім киген кісілер өздерінің басындағы бас киімнің түсін көре алмайды. Алдындағы екі адамдікін көреді. Әркім өздерінің басындағы баскиімнің түсін табуы керек және бір рет қана айту мүмкіншіліктері бар. Басындағы баскиімнің түсін қалай таба алады?
5. 100 шөжек, 100 кг бидайды 100 күнде жейтін болса, 10 шөжек, 10 күнде қанша кг бидай жейді?
6. Айгерімнің әкесінде 3 қыз бар: Гүлсая, Жансая және …..?

7. Автобус ауылға жүріп келе жатыр. Ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан 3 автокөлікті көрді. Ауылға неше көлік бара жатыр?

8. Саябақтың ішінде 6 орындық тұр. Оның екеуін бояп қойды. Саябақта неше орындық қалды?

9. Жаңбырдың кезінде кімнің шашы суланбайды?

10. Оқушы мектепке 15 минутта жетеді. Ал 3 оқушы бұл жолды қанша уақытта өтеді? 15

джквик джквик    2   27.04.2020 15:21    14

Другие вопросы по теме Другие предметы