Зерттеу болжамы кандай сұраққа жауап береді

olyaperminova olyaperminova    2   10.09.2020 09:11    5

Ответы
Den000000 Den000000  15.10.2020 19:46

Зерттеу объектісі

Оған педагогикалық жүйе, құбылыс, үдеріс (тәрбиелеу, білім беру, даму, жеке тұлғаны қалыптастыру, ұжым жатады). іздену аймағы. Бұл зерттеуде не нәрсе қарастырылады, ғылыми таным үрдісі неге бағытталған деген сұраққа жауап береді

Зерттеудің өзектілігі, көкейтестілігі

жауабын іздейтін ғылымдағы сұрақ немесе зерттеліп отырған құбылыстың белгісіз жағын құру. Дәл осы мәселені дәл осы уақытта зерттеу не үшін қажет деген сұраққа жауап береді.

Зерттеу тақырыбы

зерттеу мәселесі мен аспектілерінің анық, қысқа берілуі. Тақырып сол қоғамның объективті талаптарына, сұраныстарына жауап бере алатындай болуы керек. Нені зерттеумен айналысамыз деген сұраққа жауап береді.

Зерттеудің болжамы

педагогика ғылымындағы өзекті мәселенің теориялық және практикалық жағын талдау негізінде шешімін алдын ала болжау. Зерттеуші болжамында жаңаны алдын ала көре алатындай болуы керек. Зерттеу болжамы егер..., онда..., өйткені... деген ұғымдармен байланысып құрылады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Биология