Зат және энергия алмасу дегеніміз не​

Gendalf1875 Gendalf1875    2   19.01.2021 20:35    0

Ответы
prapra2017oz2bo2 prapra2017oz2bo2  19.01.2021 20:40

1.Зат алмасу процесінің сатылары мен қырлары

2.Адам организміндегі энергия алмасуының ерекшеліктері.

Зат алмасу процесі дегеніміз белгілі бір тәртіппен кезектесіп келіп отыратын әр түрлі химиялық реакциялардың жиынтығы. Организм мен қоршаған сыртқы орта арасында үздіксіз зат және энергия алмасуы болып тұрады. Сыртқы ортамен зат алмасу организмге оттек, су және қоректік заттардың түсуінен басталады.

Сыртқы ортадан заттардың организмге енуінен бастап, ыдырау өнімдерін қайта тысқа шығаруға дейінгі күрделі өзгеру тізбегін зат алмасу деп атайды. Қоректенудің организмдегі алғашқы сатысы асқорыту процесі болып табылады.

Екінші сатысы – сіңіру немесе сорылу, яғни қарапайым заттардың қанға өтіп, организмнің клеткаларына таралуы.

Үшшінші сатысы- аралық алмасу. Ол клеткаларда өтеді.

Төртінші сатысы – сыртқа шығарылуы. Зат алмасуының ақырғы өнімдерінің /СО2, Н20, Н3 және басқа да заттардың/ сыртқа шығарылуы. Зат алмасу процесінің екі қыры бар:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
0Neder0 0Neder0  19.01.2021 20:40

Зат алмасу немесе метаболизм деп тірі ағзада өтетін барлық химиялық реакциялардың жиынын айтамыз. Зат алмасу нәтижесінде ағзаға қажет заттар түзіледі және энергия бөлінеді.Ферменттердің қатысуымен күрделі ағзалық қосылыстардың ыдырауы кезінде энергия бөлінетін реакциялардың жиынтығы энергетикалық алмасу дейді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Биология