Рок музыка өнердің кай түрыне жатады​

ARTEMONUM ARTEMONUM    3   19.11.2020 09:50    0

Ответы
Философияна5 Философияна5  19.12.2020 09:51
Рок-музыка (ағылш. rock — теңселу, сілкіну) — қазіргі замандағы поп-музыка саласы. Рок-музыка негізін Солтүстік Американың халықтық фольклоры — рок-н-ролл және кантри құрайды. Рок-музыка алғаш 1950 — 60 ж. Ұлыбритания және АҚШ-та қалыптасқан. Рок-музыканың танымал өкілдері — “Битлз”, “Роллинг стоунз”, “Лед Зеппелин”, “Пинк Флойд” сияқты музыкалық ансамбльдер. Рок-музыканың негізгі белгілері: блюздік композициялық құрылымдар, қысқа ангемитондық ырғақ, дыбысты электрлік және электрондық аспаптармен күшейту арқылы әсерлілігін арттыру. Рок-музыка жастар субмәдениетінің бір бөлігі болып саналған. Оның ішкі өзіндік белгілері мен ерекшеліктеріне байланысты бірқатар ағымдар дараланады. Мысалы, әлеуметтік-мәдени қозғалыстарға қатысты (“хиппи”, “панк рок”, т.б.), жас ерекшелігіне байланысты (ересектерге, жасөспірімдерге арналған), екпін мен белсенділігіне (“ауыр рок”, “жеңіл рок”) және техникалық жабдықталуына қарай (“афро-рок”, “барокко-рок”, “джаз-рок”, т.б.), көркем мәдениет жүйесіндегі орны бойынша (коммерциялық “поп-рок”, элитарлық “рок-авангард”), т.б. Рок мәдениеті үшін музыканттардың жүріс-тұрысы, киім киісі, рок-шоуды безендіру, бейнеклиптерді шығару сияқты сыртқы көрініс факторлары маңызды рөл атқарады. ТМД елдерінде Рок-музыка 1965 — 80 ж. дамыды. Бірқатар әуесқой топтар құрылды. Сондай-ақ кәсіпқой-сазгерлердің (А.Г. Шнитке, Э.Н. Артемьев) назарына іліккен жанр элементтері кең стильдік контексте қолданылды. Кейінгі жылдары Рок-музыка Батыс елдерінде тек өнер түрі ретінде қабылданады.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Биология