Қолданылуы:
1. Сары дақ пен соқыр дақтың ұқсастығы мен айырмашылығын
айтыңдар.
2. Есту рецепторлары және вестибула аппараттың арасындағы байланыс-
ты сипаттаңдар. Олар механорецепторлар екеніне дәлел келтіріңдер.
Талдау:
1. Есту анализаторлары арқылы дыбыс, механикалық, электрлік (жүйке
импульсі) толқындарының өту сатыларын талдаңдар. Мұның есту
мүшесі арқылы өту айырмашылығы неде?
2. Есту анализаторы арқылы дыбыс, механикалық және электрлік
(жүйке импульсі) толқындарының өтуін сызба түрінде бейнелеңдер.
Синтез:
1. Талқылаңдар. Ғалымдар жануарларға тәжірибе жасай отырып, жер-
тесер, көртышқан және егеуқұйрықтарда көру мүшесі өте нашар
немесе тіпті көрмейтінін дәлелдеген. Кірпілермен салыстырғанда
олардың құлақ қалқандары да нашар дамыған. Оның себебі неде
екенін түсіндіріп көріңдер.
2. Фоторецепторларды критерийлері бойынша жүйелеңдер: пигмент
типі, торлы қабықтағы орны, жарықты қабылдау, түстерді қабылдау
сапасы мен ерекшелігі.
3. Оларды салыстырыңдар және кестеге түсіріңдер.​

Kurakik Kurakik    3   02.03.2020 14:27    667

Другие вопросы по теме Биология