Лалагулдилер тукымдасынын ерекшелиги? 30 ! если захотите конечно

васька58 васька58    1   02.09.2019 12:00    3

Ответы
kolchanovalina kolchanovalina  06.10.2020 11:59
Лалагүл (лат. Lilium) – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық, жуашықты өсімдіктер. Қазақстанда кездесетін жалғыз түрі — бұйра лалагүл (L. martagon) — Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. Орманды, таулы, шалғынды жерлерде өседі. Биіктігі 60 — 100 см, сабағы түкті. Жапырағы таспа, немесе қандауыр пішінді, ұзындығы 8 — 10 см, ені 1,5 — 2 см. Гүлдері ірі, жеке немесе шашақ гүл шоғырына топталған. Ашық қызыл, қызыл сары түсті қара дақтары бар, түкті, олар түтік немесе қоңырау пішінді, ұзындығы 13 — 15 см, хош иісті. Жемісі — қауашақ, көп тұқымды. Маусым — шілдеде гүлдейді. Лалагүл әсемдік үшін ерте заманнан бері қолдан өсіріледі. Одан медицинада дәрі жасалады, бояу алады, жуашығы тағамға жарамды, гүлінен ара бал жинайды, эфир майы алынады. ере
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Биология