Білу және түсіну: 1. «Адам экожүйе бөлігі» деген пікірді қалай түсінесіңдер?
2. Адамзат дамыған сайын адамның табиғатқа әсері қалай өзгергенін сипат-
таңдар.
Қолдану:
1. Бұрынғы және қазіргі кездегі адам мен табиғаттың өзара әсерін салыс-
тырыңдар.
2. Жасанды экожүйенің және
оны дамыту мен кеңейтудің ерекшеліктері
қандай?
Талдау:
1. Қазіргі адамзаттың ғаламшарымыздың экожүйесіне әсерін талдаңдар.
2. Өздеріңе белгілі жасанды және табиғи экожүйелерді салыстырыңдар.
Олардың негізгі айырмашылықтарының тізімін жасаңдар.
Синтез:
1. Қазақстан Президенті Жолдауындағы экожүйені сақтау туралы мәлімет-
терді анықтаңдар. Табиғатты қорғау туралы заңның қандай маңызы
бар?
2. Болашаққа болжам жасаңдар. Егер ғылыми-техникалық әрекет осылай
қарқынды дамитын болса, адамзатты қандай өзгерістер күтіп тұр?
Бағалау:
1. Жасанды экожүйелер адамзаттың әсерінсіз пайда болмайтынын дә-
лелдеңдер.
Пікірталас:
Адамзаттың табиғатқа кері әсер тигізуін қалай азайтуға болатынына
талқылау жасаңдар.