A. Эмбриогенездің негізгі даму сатылары бар.

b. Бөлшектену кезінде пайда болған жасушаларды деп атайды.

c. бұл эмбриональді жасушалардың қозғалу процесі жүретін саты.

d. Жүйке түтігінің түзілу сатысын дейді.​

ученик1443 ученик1443    3   18.05.2020 06:58    47

Ответы
Ibrolya Ibrolya  24.08.2020 17:52

ответ:Эмбриогинездің даму сатылары Эмбриогинездің негізгі 4 даму сатылары бар.Бірінші саты бөлшектену, екінші саты гаструляция, ушінші саты нейруляция, төртінші саты органогенез деп аталады. Бөлшектену кезеңі Бөлшектену (лат. флссіо — бөлшектену) — ұрықтанған біржасушалы организмнің (зиготаның) митоз арқылы бөлініп, к рыққа (бластулага) айналуының эмбриондық кезеңі. Бөлшектену кезінде пайда болған жасушаларды бластомерлер деп атайды. Бөлшектенудің белгілі кезеңіне дейін бластомерлер саны көбейгенмен, зиготаның мөлшері өзгермейді. Бластомерлер бөлінген сайын, олардың саны көбейіп, мөлшері кішірейе береді. Бөлшектену кезеңі — бластуланың (қуысы сұйыққа толған к рықтың) түзілуімен аяқталады.Бластула әр түрлі жануарларда түрліше болады. Ол: сүтқоректілерде — бластоциста (стерробластула), Құстарда, бауырымен жорғалаушыларда — дискобластула, қосмекенділерде — амфибластула, қандауыршада — целобластула деп аталады. Гаструляция кезеңі Гаструляция-бұл эмбриональді жасушалардың қозғалу процесі, нәтижесінде ұрықтың 2 немесе 3 қабаты пайда болады.Екі қабатты гаструла сыртқы жапырақ- эктодермадан және ішкі қабат – энтодермадан тұрады. Гаструляцияның соңғы кезеңінде эктодерма мен энтодерманың аралығында мезодерма дамып жетіледі. Алғашқы мүшелердің қалыптасуы(органогенез) Жүйке түтігінің түзілуін нейруляция дейді. Ұрық жапырақшаларынан жануарлар ағзасы тіндерінің қалыптасуы — гистогенез, ал тіндерден органдардың түзілуін — органогенез, органдардан жүйелердің қалыптасуын — системогенез деп атайды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Биология