Қазақта дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Дастарқаннан аттамайды. Дастарқандағы дәм, тағамнан ауыз тимей кетуге болмайды. Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтардың негізгі үш түрі болады. Олар: ет, сүт, нан тағамдары. Ет тағамдарына қазақша ет, қуырдақ, қарта, қазы, жал, жая жатады. Сүт тағамдары -ірімшік, құрт, май. Дәннен жасалған тағамдар - тары, қуырған бидай, жент, талқан. Нан тағамдары - бауырсақ, шелпек. Тамақ ішуге шақырғанда, тамақты көп күттіруге болмайды.