Тақырып: Бөлшек рационал теңдеулердің көмегімен мәнд apy
Тапсырма
1.Пароход А айлағынан ағыспен 60 км жүзіп, қайтадан ағысқа қарсы 20 км кері
жүзді. Ағыс жылдамдығы 1 км/сағ. Барлық жолға 7 сағат уақыт жұмсады. Пароходтың
меншікті жылдамдығын табыңыз.
2. Катер өзен ағысымен 15 км және 4 км тынық суда жүзді. Барлық жолға 1 сағат
уақыт кетті. Өзен ағысының жылдамдығы 4 км/сағ болса, онда катердің өзен ағысымен
жүзгендегі жылдамдығын табыңыз.
3. Ұзындығы 60 м шеңбер бойымен бір бағытта және бірқалыпты екі нүкте қозғалады.
Олардың біреуі екіншіне қарағанда 5 с толық айналымды тез жасайды. Сонымен қатар
нүктелердің кездесуі әр кезде 1 минуттан кейін болып отырады. Нүктелердің
жылдамдықтарын табыңыз.
4. Хауызда үш труба бар. Екі труба берлесіп хауызды толтырған уақытта үшінші
труба жалғыз өзі толтырады. Екінші труба өзі бірінші трубадан 5 сағат тез, ал үшінші
трубадан 4 сағат кем уақытта толтырады. Әр труба жеке жұмыс жасаса, әрқайсысы қандай
уақытта хауызды толтырады?